Астаналық азамат интернет арқылы қасқыр сатқан

1 754

Фото: istockphoto.comАстана қаласының Табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері қасқырды заңсыз сатпақ болған әрекетті әшкереледі,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Хабарландыру жариялайтын сайттардың бірінде қасқырды 400 мың теңгеге сататыны жайында ақпарат түскен. Осыны байқаған полицейлер тез арада әрекет етіп, сатушыны анықтап, хабарландыру бойынша хабарласып, кездесетін уақытын келіскен. Сатушы азамат сол жерде ұсталды. 

Тәркіленген қасқыр мемлекеттік тәлімбаққа жеткізілді. Оны қайда жіберу керегі әлі белгісіз. Десе де шешімі анықталғанға дейін сонда болады.  Ұсталған азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, талқылануда. 

Құқық қорғау органдары жеке тұлғалардың жабайы аңды ұстауға, сатуға тыйым салынатынын еске салды. Жабайы жануарлар есепке алынып, қорғалып, арнайы емдеу режимінде күтім көрсетілетіні белгілі.  


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.