Мемлекеттен бөлінген 71 млрд теңгені министрлер дұрыс игермеген

252
Қаржы министрі бюджеттен бөлінген 71 млрд теңгені игере алмай отырған министрліктерді атады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.




Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 93,5%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары – 94,7%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 96,3%-ке атқарылды. Республикалық бюджет бойынша 1,5 трлн теңге сомасына шығыстар жүргізілді. Атқарылмау 84 млрд теңге, оның ішінде 13 млрд теңге үнемделді. Игерілмегені – 71 млрд теңге, - деді Ерұлан Жамаубаев. 

Жамаубаев ең көп игерілмеген сома Денсаулық сақтау, Мәдениет және спорт, Экология және табиғи ресурстар, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінде екенін айтты.

Игерілмеудің негізгі себептері: төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың болмауы немесе ұсынылмауы, шарттарды, қосымша келісімдерді жасасу рәсімдерін ұзақ жүргізу, бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөнінде нормативтік құқықтық актілерді уақтылы қабылдамау, орындалған жұмыстар актілерін, шот-фактураларды, уақтылы ұсынбау, конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу, - деді Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.