Қызметкерлерге медициналық тексерістен өту үшін арнайы уақыт беріледі

1 524

Фото: ©magnific.comСенат Қазақстандағы жұмыс берушілерді қызметкерлерге скринингтен өту үшін уақыт беруге міндеттейтін жаңа норманы мақұлдады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Сенат аппаратының басшысы Максим Споткайдың мәліметінше, енді жұмыс берушілер қызметкерлерге скринингтік тексерулерден өту үшін арнайы уақыт ұсынуға міндеттеледі. 

“Өңірлік деңгейдегі әлеуметтік әріптестік пен еңбек қатынастары тараптарының өзара іс-қимылы күшейтіледі. Әлеуметтік әріптестік аясындағы келісімдердің орындалуы жөніндегі есептерді тыңдау міндеті енгізіледі. Медициналық ұйымдар цифрлық технологиялар арқылы жұмыс берушілерге қызметкерлердің скринингтік тексерулерден өту керегі туралы хабарлап отырады”, - деді Максим Споткай.

Жұмыс берушілер қызметкерлерге скринингтен өту үшін жұмыс орнын және орташа жалақысын сақтап, арнайы уақыт беруге міндеттеледі. Мұндай демалысты бермеген жұмыс беруші жауапкершілікке тартылады.

“Қызметкерлердің құқығы еңбек саласындағы жеке өмірді қорғау, ар-намыс пен қадір-қасиетті құрметтеу нормаларымен толықтырылады. Жұмыс берушілерге еңбек жағдайының қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарына сай болуын қамтамасыз ету міндеті жүктеледі. Сонымен қатар кәсіпорындардағы ішкі бақылау аясында еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың құқығы кеңейтіледі”, - деді Максим Споткай.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.