Биыл 268,6 мың адамға жұмыссыздық бойынша төлем тағайындалды

2 511

Фото: euro-help.com; disshelp.ru2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жұмысынан айырылған 308,4 мың адам әлеуметтік төлем алды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Сондай-ақ биыл алғаш рет 268,6 мың адамға төлем тағайындалып, жалпы сома 106,8 млрд теңгені құрады. Жұмыстан босатылған азаматтар eGov.kz немесе enbek.kz арқылы тіркеліп, «жұмыс іздеуші» мәртебесін ала алады. Егер жұмыс табылмаса, төлем автоматты түрде тағайындалады. Әлеуметтік қолдау жұмыстан шығу себебіне қарамастан беріледі және азаматтарды жұмыс іздеу кезеңінде қолдауға бағытталған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.