Тәліптер шетелдік дипломаттарды қабылдады

404
30 қыркүйекте  Кабулда "Талибан" (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) қозғалысы шетелдік дипломатиялық  өкілдерін қабылдап, кешкі ас ұйымдастырды деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агнеттігі ТАСС сайтына сілтеме жасап.


 Іс-шараға Ресей елшісі Дмитрий Жирнов, Пәкістан мен Өзбекстанның дипломатиялық миссияларының басшылары Мансур Ахмад Хан мен Эдгоружа Шадманов қатысты.

"Маңызды саяси өзгерістер кезінде де өз жұмыстарыңызды жалғастырғандарыңыз, Ауғанстандағы қауіпсіздік жағдайы тұрақты екенін көрсетеді. Бұл үшін жауапкершілік жаңа үкіметтің мойнында. Біз ауған халқына гуманитарлық көмек көрсетіп, өз елдерінің біздің министрлер кабинетімен ынтымақтастық орнатуға ниетті екенін жариялаған барлық мемлекеттерге алғыс айтамыз", - дейді Ауғанстан Сыртқы істер министрі Амир Хан Моттаки.

Барлық елдермен ынтымақтастық орнатуға және әр елге "Ауғанстан аумағында аяқталмаған жобаларды жүзеге асыру үшін" барлық қажетті жағдайды жасауға дайын екенін айта кетті.