23 жастағы жігітті сауда орталығынан әскери комиссариатқа күштеп алып кеткен

1 517

Фото:gov.kzАстана қаласының “Аружан” сауда орталығында 23 жастағы жігітті әскери комиссариат пен полиция қызметкерлері жұмыс орнынан күштеп алып кеткен,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

 Қорғаныс істері жөніндегі департамент мәліметінше, 2002 жылы туған азамат әскерге шақырылушылар тізімінде болып, міндетті медициналық тексеруден өтпеген. Ол жинақ пунктіне барудан бас тартқаннан кейін, заңға сәйкес медициналық комиссияға күштеп жеткізілген. Тексерістен соң үйіне жіберілген. Жәбірленуші тарапынан ешқандай шағым түспеген. Бұған дейін ведомство әскерге күшпен әкету заңға қайшы екенін хабарлаған еді.

 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.