Егеуқұйрықтар көбейіп, тұрғындардың мазасы қашты

2 524

Фото: АқЖайықАтырау қаласында егеуқұйрықтар саны күрт өсті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Тұрғындар кеміргіштердің енді жертөле мен қоқыс жәшіктерінде ғана емес, тікелей пәтерлерге де кіріп жатқанын хабарлауда. «Желдету жүйесі арқылы егеуқұйрық пәтерге кіріп кетті. Енді тамақты ашық қалдырмаймыз», - дейді тұрғын Амангүл Тыныштыкова. Тағы бір тұрғын Айман Булатова олардың адамдардан қорықпай, тіпті жаңа үйлерде де пайда болатынын айтты. 

Қала тұрғындары бірнеше ай бойы дезинфекция жұмыстары жүргізілмегенін атап өтті. Қала әкімдігі биыл кеміргіштермен күреске қаржы бөлінбегенін растады. Ал сарапшылар егеуқұйрықтардың қауіпті ауруларды таратып, сымдар мен жиһаздарға зиян келтіруі мүмкін екенін ескертеді. Тұрғындар биліктен жертөлелер мен аулаларда дератизацияны қайта бастауға шұғыл шара қабылдауды сұрап отыр.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.