"Балабақша сапасын арттыратын уақыт келді" - Тоқаев
348
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында елдегі балабақшалардағы қызмет көрсету сапасының төмендеп кеткенін айтты, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Президент елдегі жекеменшік балабақшаларда балаларды ұрып-соғу деректері бар екенін мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев 2011 жылы мектеп жасына дейінгі балаларды балабақшамен қамтамасыз ету үшін балабақшалардың лицензия бойынша жұмыс істеу тәртібі тоқтатылғанын қосып өтті.
Президент елдегі жекеменшік балабақшаларда балаларды ұрып-соғу деректері бар екенін мәлімдеді.
"Тағы бір түйткілге тоқталсам. Жекеменшік балабақшаларда балаларды ұрып-соғу деректері бар. Сонымен қатар, жұмыс істемейтін балабақшаларға қаржы бөлу көбейіп кетті. Мұның бәрі олардың қызметі ашық емес екенін, азаматтық жауапкершілігі жоқтығын көрсетеді. Басқаша айтқанда, қоғам талабына сай емес”, – деді президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев 2011 жылы мектеп жасына дейінгі балаларды балабақшамен қамтамасыз ету үшін балабақшалардың лицензия бойынша жұмыс істеу тәртібі тоқтатылғанын қосып өтті.
“Мемлекет бұл қадамға амалсыздан барды. Бұл ретте жеке сектордың әлеуетін пайдалану маңызды еді. Нәтижесінде 2 және 6 жас аралығындағы балалардың 88 пайыздан астамы балабақшамен қамтылды. Енді қызмет көрсету сапасын арттыратын кез келді. Үкімет осы мәселені мұқият қарастыруы керек. Лицензиялау тәртібін қайта енгізу, ең алдымен, мемлекетке емес, қоғамға қажет шара. Өйткені, басты мақсат – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету", – деп қосты Тоқаев.