Мемлекетке опасыздық жасады: журналист 22 жылға сотталды

327

© vedtver.ru5 қыркүйекте бұрынғы «Коммерсант» және «Ведомости» басылымдарының журналисі Иван Сафронов 22 жылға қатаң режимдегі колонияға сотталып, мемлекетке опасыздық жасады деп айыпталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Taulik.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ол құпия ақпаратты Германия мен Чехияның арнайы қызметтеріне бергені үшін айыпталып отыр. Алайда іс материалдарын зерттеген «Проект» басылымы барлық «құпия ақпаратты» интернеттен табуға болатындығын анықтады.

Сафроновты сот залынан шығарар алдында ол келген адамдарға: «Мен сіздерді жақсы көремін», – деді. Сот залында жиналғандар оған қол соғып, «Бостандық берілсін!» деп айқайлады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.