"Алтауына биыл 500 мың теңгедей қаражат кетті": Көпбалалы әкім балаларын мектепке дайындады

435

Жетісу облысы Көксу ауданының әкімі балаларын оқу жылына дайындауға қанша қаражат жұмсағанын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.


47 жастағы Марлен Көлбаев жұбайымен сегіз бала тәрбиелеп отыр. Бүгінде ұлдарының екеуі Алматыдағы жоғары оқу орындарында, тағы төртеуі жергілікті орта мектептерде білім алуда.


"Қызым тұрмысқа шықты, бөлек тұрады. Одан кейін екі ұл, студент. Олар университеттерде грантпен оқиды. Ал төртеуі мектепке барады, 9, 8, 5, 3-сыныптарда. Ең кенжесі балабақшада. Алтауына биыл 500 мың теңгедей қаражат кетті. Менде көбісі ұл болғандықтан кішілері үлкендерінің былтырғы формасын киеді. Бұл жақсы", - деді әкім.


Оның айтуынша, бұл шығынға мектеп формасы ғана емес, кеңсе тауарлары да кірген.


Айта кетейік, Көксу ауданы әкімінің жалақысы 750 мың теңгені құрайды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.