Қызылордада жасөспірімді қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

279

Фото: pixabay.comҚызылордада жасөспірімді қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz сілтеме жасап.


Қызылорда қаласы Полиция басқармасының 102 арнасына облыстық балалар ауруханасынан жол көлік оқиғасы салдарынан дене жарақатымен жасөспірім түсті деген хабарлама түскен. Тексеру барысында Байсейітова көшесі бойындағы жаяу жүргіншілер өткелінен келе жатқан жасөспірімді белгісіз автокөлік қағып, оқиға орнынан бой тасалап кеткені анықталды.


«Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша жедел түрде іздестіру шаралары жүргізілді. Жүргізілген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті автокөлік анықталды», - делінген хабарламада.


Көлік тізгіндеген қала тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігімен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) және 611-бабының 2-бөлігімен (Жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамауы) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды. Жаяу жүргіншінің өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.
Түпкілікті шешім қабылдау үшін жинақталған құжаттар сотқа жіберіледі.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.