Электр бағанының астынан ер адамның денесі табылды

1 356

Фото: istockphoto.comАлматыдағы Момышұлы-Мөңке би ауданында электр беру тірегінің астынан адам асылған күйде табылды. Полиция қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерде өтіп бара жатқан көліктің жолаушысы бейнеге электр беру тірегін түсірген бейнеролик тарады. Ол жерде ер адамның денесі асылып тұрған.

Алматы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл факт бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған. 

Жағдайлар мен себептер анықталып жатыр, - деді ведомствоның ресми өкілі Салтанат Әзірбек.