Ұялы телефондағы қандай хабарламаларды өшіріп отыру қажет

476
"Цифрлық платформалар" автономды коммерциялық емес ұйымының бас директоры Арсений Щельцин смартфоннан қандай хабарламаларды жою керектігін хабарлады. 
Арсенийдің сөзінше, телефоннан құпия сөздер туралы ақпаратты және жеке деректерді, сонымен бірге адам беделіне зиян келтіруі мүмкін хабарламаларды мүмкіндігінше жойып отыру тиіс.
 Қызмет көрсету хабарламаларын, авторизация кодтары мен уақытша кодтарды да жоюы керек, деді Арсений Щельцин.
Қосымшалар жұмыс істеу үшін көбіне байланыс тізіміне және SMS-хабарламаларға кіруге рұқсат беруді талап етеді. 
"Алайда вирустар арқылы SMS-ке жылдам қол жеткізу немесе телефонның резервтік көшірмесін қашықтан қалпына келтіру сияқты осы және басқа жағдайлар SMS қоржынын ең осал кеңістікке айналдырады", - деп ескертті сарапшы.
 Банктер мен интернет-сайттар ұсынатын құпия сөздер әдетте әрі кеткенде бір минут жұмыс істейді. Алайда алаяқтар оларға қол жеткізіп, сіздің аккаунтыңызға кіруі әбден мүмкін. 
Щельцин осы тәуекелдерді барынша төмендету үшін қосалқы көшірмелер жасауға әрі телефонды жоғалтпауға және SMS хабарламаларды қадағалауға кеңес береді.   
Сарапшы мамандар алаяқтардың жеке кабинетке кіруге арналған бір реттік сілтемені қолданатынын жеткізді. Олар әдетте смс арқылы жіберіледі. Бұдан бөлек, құпия сөз бар хабарламаларды жою керектігі ескертілді.
  Қосымша қорғаныс ретінде телефонға қиын құпиясөз қойып, қолдың ізі немесе Face ID-мен қорғау ұсынылды. 
Сонымен қатар, ресейлік "Синергия" университетінің ақпараттық технолоиялар институты директорының орынбасары Антон Аверин ұялы телефон арқылы қалай қосымша ақша табуға болатынын айтып берген еді.