«Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қорының белсенділері су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жіберіп, үйлерді су тасқынынан құтқарып жатыр
«Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қорының аймақтағы белсенділері ел бойынша су тасқынына жол бермеу жөніндегі іс-шараларға белсене қатысып, зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына көмек көрсетіп жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
«Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қорының Ақтөбе өкілдігінің басшысы Александр Мандрыкин өңірде төтенше жағдай режимінің жариялануын күтпей бірден іске кіріскен. Жағдайды объективті бағалай отырып, білікті эколог-инженер әріптестерімен бірге бөгеттер мен бекіністер салу үшін жұмыс тобын ұйымдастырды.
Бұған дейін Ақтөбе қорының өкілдері су тасқыны салдарынан қиын жағдайға тап болған қазақстандықтардың атына өздерінің бір күндік жалақыларын аударған болатын.
Табиғи апат ел азаматтарын біріктірді. Демалыс күндері «Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қорының белсенділері Атырауға гуманитарлық көмек ретінде, тасқын судың бөгеу үшін 10 мың қап жіберді.
Қордың Атырау облысындағы өкілдігінің басшысы Алена Асамбаеваның айтуынша, Жайық өзенінің жағалауын бөгеу үшін құм салынған қапшықтар қажет. Осы күндері мұндай қорғаныс әдісі Атыраудың 20 учаскесінде, сондай-ақ қала маңында бір мезетте жүргізілуде. Тіпті түнде де тоқтамайды. Облыс тұрғындары өз қаражаттарына қаптар, күректер, қолғаптар және жанармай сатып алуда.
Батыс Қазақстан облысындағы Қор белсенділері де су тасқынынан зардап шеккен аудандарға көмегін көрсетіп жатыр. Осылайша олар табиғи апаттың зардабын азайту үшін жергілікті атқарушы органдарымен, еріктілерімен және өзге де ұйымдарымен күш біріктірді.
Қор белсендісі ақпараттық жұмыс жүргізіп қана қоймай, еріктілермен бірге қорғаныс бөгеттерін салумен айналысады. Ол облыста Batys Today бірыңғай телеграм-каналы жұмыс істейтінін, онда Батыс Қазақстан өңіріндегі ахуал туралы өзекті ақпарат жарияланатынын хабарлады. Асыланбек Губашевтің айтуынша, қазір зардап шеккендерге бірінші кезекте жылы киім, матрацтар мен төсек-орын керек. Сондай-ақ, су басу орындарында жұмыс істеу үшін шамдар, шатырлар, батпаққа қарсы резеңке етіктер, үрлемелі қайықтар, комбинезондар мен гидрокостюмдер қажет.
Қазақстанның барлық өңірлерінде «Әділдік және Өркендеу» қорының қоғамдық қабылдаулары жұмыс істейді. Су тасқыны кезінде қордың аймақтағы қызметкерлері гуманитарлық көмек жинау және тарату, еріктілердің жұмысын үйлестіру функцияларын атқарады. Әр азамат қордың өкілдігіне көмек үшін жүгіне алады немесе елді мекендерді тезірек қалпына келтіруге қор арқылы өз үлесін қоса алады.
Алдағы күндері бірден бірнеше өңірде өзендерде су көлемі ұлғаяды деген болжам бар. «Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қорының өкілдері су тасқынына қарсы және оның зардабымен күресіп, бөгет пен бекіністер салу, сондай-ақ мұқтаж жандарға көмек көрсету жөніндегі ауқымды әрі маңызды істерін жалғастыра береді.