Қызылордада жасөспірімді қаққан 32 жастағы жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті

353
Қызылордада жаяу жүргіншілер жолында жасөспірімді қағып, жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен- деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі .

Қызылорда қаласындағы С.Толыбеков және М. Әуезов көшелері қиылысында жаяу жүргіншілер өткелінде келе жатқан жасөспірімді автокөлік қағып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Жасөспірім дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды.

«Жол-көлік оқиғасы бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде күдікті автокөлік иесі анықталды. Бұған байланысты 32 жастағы қала тұрғынына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 2-бөлігі және 611-бабының 2-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды. Жасөспірімнің өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Түпкілікті шешім қабылдау үшін жинақталған құжаттар сотқа жіберіледі», - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.