Тұрақтылық пен татулық бастауы — келісім
296
25 қазан — Республика күні аясында атқарылып жатқан шаралардың маңызы айрықша,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Татулық пен тұрақтылықтың төрі болған «Достық» үйінде облыстық қоғамдық даму басқармасының «Сотсыз татуласу орталығы қызметін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасы аясында облыстық медиаторлар форумы басталды. Елдігімізді айқындайтын мемлекеттік Гимн орындалуы шара маңыздылығын арттыра түскендей. — Баршаңызды алда келе жатқан 25 қазан – Республика күні ұлттық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Мерейлі мереке қарсаңында өткізіліп отырған облыстық медиаторлар форумының маңызы ерекше.
Елімізде медиация институтын дамыту, сотқа дейінгі және соттағы татуластыру рәсімдерін жандандыру шаралары мемлекеттік деңгейде үлкен қолдауға ие және соңғы жылдары қарқынды түрде дамып келеді, — деді облыс әкімінің орынбасары Н.Сақтағанов.Тәжірибесі мен біліктілігі ел бірлігін сақтаудың бір арнасы болып жүрген бірқатар кәсіби медиатор облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.