Өзбекстанда тағы қандай көлік маркасы құрастырылмақшы

1 278
АВТОВАЗ Ресейден тыс тағы бір елде Lada көліктері құрастырылатынын ресми түрде мәлімдеді деп "Opennews.kz"ақпарат агенттігі  kolesa.kz сайтына сілтеме жасап.

Өзбекстанның "Жизақ" еркін экономикалық аймағында орналасқан "Джизак-ADM" зауытында брендтің бірнеше моделі ірі торапты әдіспен шығарылады.
Кәсіпорын аталған елдің ішкі нарығы үшін жұмыс істеп, дилерлік орталықтарға Lada Vesta (SW және SW Cross), Largus және Largus Cross, XRAY Cross хетчбэгін жеткізбек.

Зауытқа иелік ететін Roodell компаниясы хабарлағандай, марканы мұнда құрастырудың мақсаты- тұтынушылар үшін көлік бағасын қолжетімді ету әрі Өзбекстанның мемлекеттік сатып алу бағдарламаларына қатысып, сатылым мөлшерін арттыруға мүмкіндік беру. Өзбекстанда Lada-ның 18 дилерлік орталығы жұмыс істейді. 2020 жылы елде марканың 5000 дана көлігі сатылған.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.