Ашық есік күні: балалар түрмеде отырған ата-аналарымен қауышты

1 530

Фото: © коллаж/kursiv.mediaАстана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №2 мекемесінде Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Ашық есік күні» ұйымдастырылды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі kz.kursiv.media сайтына cілтеме жасап.

Жаздың алғашқы мерекесіне орайластырылған бұл шараның негізгі мақсаты – жазасын өтеп жатқан азаматтардың отбасылық байланыстарын нығайту, ата-ана мен бала арасындағы үзілмес қарым-қатынасты сақтау және сотталғандардың өз жақындарымен емін-еркін қарым-қатынас жасауына барынша қолдау көрсету болған. Мереке аясында мекемеге келген бүлдіршіндер үшін ерекше сый дайындалды. Аршалы ауданы прокуратурасының тікелей қолдауымен балаларға арналған арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Колония қабырғасында өткен шара барысында жас қонақтардың барлығына мерекелік сыйлықтар табысталған.

Темір тордың ар жағында өтсе де, іс-шара өте жылы әрі достық атмосферада ұйымдастырылды. Көптен күткен кездесу балалар мен ата-аналарына ерекше көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, естен кетпес ұмытылмас әсер қалдырды. Мекеме басшылығы мұндай қадамдар сотталғандардың тезірек түзеліп, қоғамға бейімделуіне оң ықпал ететінін атап өткен.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.