Қарағанды облысында бала асқазанындағы инемен екі күн жүрген

338

Қарағанды облысындағы Қаражал қаласында 10 жастағы бала ине жұтып қойған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 


Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасында мәлімдегендей, бала ауруханаға 12 қаңтарда түскен. Ол қозғалыс кезінде асқазанының ауыратынын және асқазанында ине бар екенін айтқан.

Баланың әкесі оның екі күн бұрын ойнап отырып ине жұтып қойғанын жеткізген. Әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде баланың ата-анасынан қорыққандықтан ешкімге тіс жармағаны жазылған. 

Рентген асқазан-ішек жолында иненің тұрып қалғанын көрсеткен. Қауіпті затты дәрігерлер алып тастады, қазір баланың өміріне қауіп тұрған жоқ.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.