"Қызымды емдеймін деді": Емшіге сенген семейлік әйел қомақты қаржысынан айрылды

280
Семей тұрғыны науқас қызын емшіге емдетпек болып, 210 мың теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл мамыр айында Семей қаласы ПБ Әуезов аудандық полиция бөліміне 42 жастағы қала тұрғыны шағымданған. Ол 2017 жылдың көктемінде танымайтын әйел тері ауруына шалдыққан қызын «емдеймін» деп өзінен 210 мың теңге алғанын айтты. Бірақ қызына емшінің «емі» қонбаған.

Полицейлер 61 жастағы күдіктіні ұстады. Ол өз кінәсін мойындады. Алған ақшасын кері қайтарды.

Осы фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 1-бөлігі, яғни «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.