Қазақстандықтар балағаттап және түкіргені үшін көше сыпыруға міндеттелмек
Сенат депутаттары елімізде енді әлдекімге балағат сөз айтып, көшеде түкірген адамдарға жаза қатаңдатылатынын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Олардың айтуынша, тәртіп бұзған қазақстандықтар көше сыпыруға мәжбүрлі түрде шығарылады.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі заң жобасын екі оқылымда қарап мақұлдады. Заң жобасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, қоғамдық жұмыстар әкімшілік жаза түрі ретінде енгізіледі.
Заң жобасы "қоғамдық жұмыстарға тарту" түріндегі әкімшілік жазаны қолданудың ұқсас механизмін ұсынады.
Депутаттың айтуынша, бұл жазаны ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарды ластау, қоғамдық орындарда тиісу және басқа да 11-бап (Кiнә қағидаты) пен 15-құқық бұзушылық (Жеке бастың абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтеу) құрамы бойынша қолдануға болады. Сонымен қатар, бұл жаза қолданылмайтын адамдар тізімі де қарастырылған. Заң әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша адамдарды мәжбүрлі түрде әкелу тәртібін, жаңа мән-жайлар бойынша істерді қайта қарауды, қысқартылған өндіріс істерін және кейбір құқық бұзушылықтарды сот шешімін талап етпейтін мемлекеттік органдардың құзыретіне беру тәртібін жетілдіреді.
Өзгерістердің нәтижесінде Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 246-бабына (аудит жүргізу тәртібін бұзуы) және 247-құқық бұзушылық құрамына (аудиторлық қызмет туралы заңнамасын бұзу) түзетулер енгізіледі. Олардың ішінде жеке деректерді қорғау туралы заңнаманы бұзу, еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу, қоғамдық орындарды ластау, әдейі жалған шақыру жасау және басқа құқық бұзушылықтар үшін жазаны күшейту көзделген.