"Мәмбеттердің революциясы" - Ресейлік бас редактор Қазақстандағы қаңтар оқиғасын осылай бағалады

158

Белгілі ресейлік сайттың бас редакторы Қазақстандағы қаңтар оқиғасын "мәмбеттердің революциясы" деп атады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


"Медиазона. Центральная Азия" басылымында бұрын жұмыс жасаған Никита Данилин бас редактор бұл ойын әңгіме барысында айтқанын, сөйлескендері сақталғанын айтады.

"Ол редактор үшін барлық қазақтар - мәмбеттер, ал қаңтар оқиғасы - "мәмбеттердің революциясы" екенін айтты. Дәл сол адам "Медиазона. Центральная Азия" басылымында адам құқығы бойынша шешімдер қабылдап отыр", деді Никита Данилин.

Бұл ресейлік басылым Мәскеуде қаласында орналасқан. Ал мұндай қорлайтын сөз айтқан редакторды сайттың басшылары жұмыстан шығаратын ойлары жоқ.

Қазіргі таңда "Медиазона. Центральная Азия" басылымы Қазақстанда жұмыс жасап тұрған жоқ.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.