ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

1 233

Фото: Жалағаш ауданының әкімдігіБүгін Қызылорда қаласының тұрғындары үшін Жалағаш ауданында өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жәрмеңкеде ауданнан 60 автокөлікпен өнімдер әкелініп, жалпы құны 46 млн 850 мың теңгенің азық – түлік өнімдері сатылымға шығарылды. 

Жәрмеңке барысында 200,9 тн азық-түлік өнімдері және мал азықтық жем-шөп өнімдерінен 6,5 тн мал азығы қала тұрғындарына ұсынылды.

Айта кету қажет бүгінгі ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі қарсаңында өнімдердің бағасы базар бағасынан 15-20 пайызға төмен.

Жыл соңына дейін Жалағаш ауданы қала тұрғындарын азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында қараша - желтоқсан айларында 3 мәрте ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін ұйымдастыру жоспарлануда.

Алдағы уақыттада қажеттілік тудыратын азық-түлік өнімдері жәрмеңке барысында халыққа қолайлы бағада ұсынылатын болады.

Жалағаштағы жәрменке — жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерін, қолөнер бұйымдарын және азық-түлікті ұсынатын іс-шара. Мұндай жәрменкелерде ауыл тұрғындары өз өнімдерін сатады, ал тұрғындар мен қонақтар сапалы тауарларды арзан бағада сатып ала алады.

Жәрменке дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіледі, және ол жергілікті мәдениет пен дәстүрлерді насихаттауға, сондай-ақ әлеуметтік байланысты нығайтуға мүмкіндік береді. Бұл жерде түрлі көрмелер, концерттер мен байқаулар да ұйымдастырылады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.