"Қылмыс мүлде болмайды": СҚО-да ауыл тұрғындары 20 жыл бұрын ішімдіктен бас тартқан
Солтүстік Қазақстан облысындағы Теңдік ауылының тұрғындары 20 жылдан бері алкогольді ішімдіктерді қымыз бен өзге де пайдалы сусындара алмастырған. Тұрғындардың сөзінше, мұнда дүкендерде арақ-шарап сатылмайды. Ал бос уақыттарын барынша пайдалы өткізуге тырысады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Astana арнасына сілтеме жасап.
Ләззат Алпысова бірнеше жыл бұрын күйеуі және 4 баласымен бірге Теңдік ауылына көшіп келген. Бастапқыда ауыл тұрғындарының алкоголь тұтынбайтынын естіген ол сенбегенін жасырмады.
Ауылда 300-ге жуық адам тұрады. Ерлер жергілікті кәсіпорындарда еңбек етсе, әйелдер үй шаруасында. Мұнда барлығының жеке шаруашылығы бар. Ал бос уақыттарында футбол ойнап, балық аулайды екен.
"Арақ – бақытсыздықтың басы. Бақыт бұл – жұмысың мен отбасың", – дейді ауыл тұрғыны Сара Адентаева.
Ал ауыл әкімі мен жергілікті учаскелік полицейдің сөзінше, ауылда қылмыс мүлде болмайды.
Ал жергілікті дүкен сөрелерінде арақ-шараппен бірге темекі де жоқ. Дегенмен кәсіпкерлердің сөзінше, дүкенде басқа да өнімдер сатылады.