Қызылордада жарты жылдықтың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттері

218

Фото: Қызылорда облыс әкімдігіЖыл басынан аймағымызда 108 нысанның құрылысы жүріп жатыр, бұл мақсатқа бюджеттен 22,6 млрд. теңге бөлінді. Жыл қорытындысымен 97 нысанды тапсыру жоспарланып отыр, бірінші жартыжылдықта 6 нысан пайдалануға берілді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Оның ішінде, сала бойынша атап айтатын болсақ:


Білім саласында – 12 нысан (9 мектеп, 2 балабақша, 1 оқушылар үйі);
Денсаулық сақтау саласында – 6 нысан (1 емхана, 3 амбулатория, 1 қан орталығы, 1 аурухана);
Мәдениет саласында – 8 нысан (1 медениет үйі, 6 ауылдық клуб, 1 өнер үйі);
Спорт саласында – 17 нысан (денешынықтыру сауықтыру кешені);
 Бизнестің жол картасы-2020 бағдарламасы аясында – 3 нысан (2 темір жол тұйығы, 1 телефон желісі);
Халыққа қызмет көрсету саласында – неке сарайының құрылысы;
Тұрғын үй құрылысы – 22 үй;
Инжинерлік коммуникациялық инфрақұрылым жеткізу бойынша – 39 жоба.
 
Тұрғын үй құрылысы бойынша: 


2022 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысымен Қызылорда облысы бойынша құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 33,8 млрд. теңге, немесе өткен жылғы тиісті кезеңге 127,4 % құрады.   
Қызылорда облысы әкімдігі мен ҚР Премьер-Министрі арасындағы бекітілген Меморандумға сәйкес 2022 жылы 682,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланып отыр.


Биылғы  жылы облыс бойынша Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы ауданы 95,0 мың ш.м 1294 пәтерді құрайтын 31 тұрғын үйдің құрылысын жүргізіп, жыл аяғына дейін   пайдалануға беру жоспарланып отыр.


Осы мақсаттарға мемлекеттік бюджет есебінен 4,8 млрд.теңге қаржы бөлінді (ҰҚ – 0,9 млрд.теңге, ОБ – 0,5 млрд.теңге,бағалы қағаздар шығару есебінен -3,1 млрд.теңге).
Оның ішінде:

Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлер құрылысы бойынша – 10 үйдің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға беру жоспарлануда (372 пәтер – 22,9 мың.ш.м). Оның ішінде:


- Қызылорда қаласында-1үй (50 пәтер-3,4мың.ш.м.);
- Шиелі ауданында – 4 үй (72 пәтер - 4,2 мың.ш.м);
- Байқоңыр қаласында - 5 үй (250 пәтер – 15,3 мың.ш.м). 


Кредиттік тұрғын үй құрылысы бойынша – Қызылорда қаласының СПМК тұрғын ауданында 12 тұрғын үйдің  құрылысын жүргізіп, пайдалануға беру жоспарланып отыр (580 пәтер - 38,6 мың ш.м).

Жеке құрылыс салушылар есебінен – Қызылорда қаласында 9 тұрғын үйдің құрылысын жүргізіп, пайдалануға беру жоспарланып отыр (342 пәтер –33,5 мың ш.м).


2022 жылғы қаңтар–маусым айларының қорытындысымен қаржыландырудың барлық көздері есебінен 312,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 104,9 % құрап отыр. 
Оның ішінде Қызылорда қаласы СПМК-70 тұрғын ауданында 40-пәтерлі 1 кредиттік тұрғын үй пайдалануға берілді.


Инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша барлығы – 3,6 млрд. теңге қаржы бөлінді  ( РБ – 2,1 млрд. теңге,ҰҚ - 0,3 млрд.теңге, ОБ - 1,2 млрд.теңге
2022 жылдың аяғына дейін барлығы 227,7 шақырым инженерлік инфрақұрылым желілерін жүргізу жоспарлануда, оның ішінде электр желісі – 114,6 шқ, ауыз су желісі – 86,1 шқ, газ желісі – 17,4 шқ, жылу желісі – 9,6 шқ. 

  1. Қаржы игеру:

2022 жылдың жылдық қаржы жоспары – 16 943,4 млн. теңге,оның ішінде:

  • басқарма арқылы – 5 559,5 млн. теңге
  • аудандар мен қала бойынша – 11 383,9 млн. теңге

2022 жылдың 6 айының қаржы жоспары – 4 100,1 млн. теңге, о.і.

  • басқарма арқылы – 864,9 млн. теңге
  • аудандар мен қала бойынша – 3 235,2 млн. теңге

2022 жылдың 6 айында қаржының игерілу пайызы – 100,0%
2022 жылдың 6 айында игерілмей қалған қаржы – 129,0 теңге.

Алдағы міндеттер бойынша:


2022 жылдың 6 айында облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы 39 құрылыс нысанының жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынып отыр. Жобалардың жалпы құны 59,1 млрд. теңгені құрайды.
Оның ішінде:

  • білім беру нысандары – 5 жоба (5 мектеп), жалпы құны – 11 млрд. теңге;
  • денсаулық сақтау нысандары – 23 жоба (1 көпсалалы аурухана, 16 амбулатория, 6 мед. бекет), жалпы құны – 44,0 млрд теңге;
  • спорт нысандары –  4 жоба (4 спорт  кешені), жалпы құны – 2 млрд. теңге;
  • мәдениет нысандары – 3 жоба (3 клуб үйі, жалпы құны – 1,6 млрд. теңге;
  • ауылшаруашылығы нысандары – 4 жоба (4 ветеринарлық пункт), жалпы құны – 0,2 млрд. теңге.

Бұған қоса, 16 құрылыс нысанының жоба-сметалық құжаттары әзірленуде (білім беру – 6, денсаулық сақтау – 2, мәдениет – 2, спорт – 1, қоғамдық тәртіп – 2, жұмылдыру дайындығы - 3). Оның ішінде 6 жоба сараптама қарауында.
 Сондай-ақ, мемлекеттік бюджеттің қаражатын игерумен қатар, инвестиция тарту бағытында жұмыстар атқарылды. Демеушілердің қолдауымен өз қаражаты есебінен 123,0 млн.теңгеге 4 құрылыс нысанының (2 мектеп, 1 өнер мектебі, 1 мемлекеттік орган нысаны) жоба-сметалық құжаттамалары әзірленді. 4 нысанның жалпы сметалық құны 7,1 млрд теңгені құрайды. 
Атап айтқанда;

  1. Қызылорда қаласы Сұлтан Бейбарыс көшесінің бойынан «Неке сарайы құрылысы»
  2. «Көпфунционалды кешен құрылысы», 
  3. «Қызылорда қаласы Түркістан көшесіндегі №2 мектепке қосымша 550 орындық бастауыш сынып оқу корпусының құрылысы» 
  4. «Қызылорда қаласы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы №101 мектепке қосымша 375 орындық бастауыш сынып оқу корпусының құрылысы». 

     

Жалпы басқарма бойынша бөлінген қаражатты мақсатты әрі тиімді жұмсау, қаржы игеруді жоспарлау және құрылыс нысандарының бекітілген жобаға сәйкес жүргізілуі қатаң бақылауға алынған.