Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі оқушыға азғындық жасағаны үшін сотталды

1 502

Фото: kursiv.mediaТүркістан облысында жасөспірімге сексуалды сипаттағы әрекет жасаған дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 12 жарым жыл жаза арқалады. 38 жастағы азамат білім беру саласында өмір бойына жұмыс істеу құқығынан да айырылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Оның кінәсі сараптама қорытындысы, айғақтар мен куәгерлердің жауабынан кейін толық дәлелденді. Бірақ бес баланың әкесі кінәсін сол күйі мойындаған жоқ. Сұмдық оқиға биыл мамыр айында Келес ауданында болған еді. Қызды ауыл сыртына алдап апарған мұғалім арам ойын іске асырған болатын. Шошып келген оқушы болған жайды жақындарына айтып, артынша полицияға арызданған.

Осыдан кейін 16 жыл бойы мектепте ұстаз болған ер адам күдікке ілініп, қамауға алынды.

Айта кетейік, соңғы сот отырысына жәбірленушінің туыстары келген жоқ.

“Кездесуге шақырғаныңыз бойынша кіріс-шығыс қоңырауларын кім хабарласты, кім қабылдады қоңырауды солардың бәрін зерделеп, сот осындай шешімге келіп отыр. Одан бөлек сіздің әрекетіңізде нақты азғындық әрекеттер орын алған. Яғни жәбірленушіге қатысты құшақтау, ұстау, үйкелеу нақты азғындық әрекеттер жасаған деп табылды”, – деді Түркістан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ғани Құлдасов.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.