Немересі әжесін тақырға отырғызған

1 466

Фото: pixabay.comТеміртау қаласының 63 жастағы тұрғыны полицияға шағымданды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

ІІМ-нің мәліметінше, зейнеткердің есепшотынан белгісіз біреу 2 миллион теңгесін шешіп алған. Ол ақшаның жоғалғанын 10 күннен кейін,  қаржы жинап жүрген есепшотын тексерген кезде байқаған. Полицейлер шұғыл іздеуге кірісіп, кінәліні анықтады. Зейнеткердің ақшасын қолды қылған өз немересі екен. 

Жасөспірім ақшаның көп бөлігін өз қажетіне жұмсап жібергенін айтқан. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.