15 жастағы жасөспірім автобуста бойжеткеннің бөксесін ұстап азғындық жасаған

1 595

Фото: freepik.comОралда 15 жастағы жасөспірім бала автобуста 18 жастағы қыздың бөксесін ұстағаны үшін жауапқа тартылды,- деп хабарлайды "Opennews.kz"ақпараттық агенттігі.

Оқиға 9 маусым күні №22 автобуста болған. Сол күні 18 жастағы Алина жағымсыз жағдайға тап болды. Автобустан түсіп жатқан кезде бейтаныс біреу оны бөксесінен ұстап алған. Қыз жігітті тоқтатуға тырысқанымен, ол жұлқынып шығып, қашып кеткен. Алина кейін полицияға арыз жазған.

Құқық қорғау органдары бұзақының жеке басын анықтады. Ол 15 жастағы жасөспірім болып шықты. Оны ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.