"Дәретханаға кіріп, қорқытқан": Оқытушысын өлтірмек болған студентке қатысты деректер айтылды
ALT университетінде 18 жастағы студент ер адамға арналған дәретханада оқытушыға шабуыл жасаған. Зардап шеккен педагог мойнынан жарақат алған. Қазір студент қамауда, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
18 жастағы екінші курс студенті университетке пышақ алып кіріп, ер адамдарға арналған дәретханада 35 жастағы оқытушыға шабуыл жасаған. Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал бағаларға байланысты шыққан. Кейін қашпақ болғанымен, оны күзеттегілер ұстап алды.
Болжам бойынша, мұғалім екінші курс студентін жазғы семестрге қалдырған. Бұл жағдай студентке ұнамай, ол оқытушымен “еркекше” шешпек болған. Алайда университет басшылығы бұл ақпаратты растамай отыр. Қазір оқу орнының өкілдері зардап шеккен адам туралы мәліметті мұқият жасырып отыр. Тек оқытушының жұмысқа қайта оралып, сабақ беруді жалғастырып жатқанын ғана айтты.
Университет әкімшілігі күдікті жөнінде де ешқандай ақпарат бермеді. Студенттің ақылы бөлімде оқығаны белгілі. Айтуларынша, жас жігіт сабақтан қалмай, тәртіпті болған. Оқиғадан кейін күзет қызметі бірден полиция шақырған.
Университет басшылығы “Екінші курс студентін оқудан шығарыла ма, әлде қала ма?” деген сұраққа нақты жауап бере алмай отыр. Ал полицейлер бұзақылық дерегі бойынша тергеу жұмыстарын бастады. Егер студенттің кінәсі дәлелденсе, ол жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.







