Банкроттық рәсімге байланысты “Қолдау” жүйесі қосылды

1 556

Фото: stock.adobe.comЗаңда қарыз түрі және қарыз сомасына байланысты 3 рәсім қарастырылған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Олар, соттан тыс банкроттығы, төлем қабілеттігін қалпына келтіру және сот банкроттығы рәсімдері. Қазіргі уақытта ең сұранысы көп соттан тыс банкроттық рәсімі болып тұр.


Бұл жайлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді.


"Азаматтар бұл рәсімге өтініштерді халыққа қызмет көрсету орталықтарында электронды үкімет порталы немесе e-Salyg Azamat немесе eGov мобильді қосымшасы арқылы бере алады. Осы мақсатта “Қолдау” жеке тұлғалардың банкроттығы туралы жаңа ақпараттық жүйе іске қосылды. Жүйе 24 мемлекеттік орган мен ұйымның деректер базасы арқылы өтініш беру және өтініш берушінің кіру критерийлеріне сәйкестігін автоматты түрде тексеру мүмкіндігін қамтамасыз етеді",-деді ол.

Бұл жүйе арқылы кез келген адам нақты уақытында жеке тұлғалардың банкроттығы туралы статистикалық деректерді көре алады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.