«KAZPETROL GROUP» ЖШС-НІҢ 12 ЖҰМЫСШЫСЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ
414
Жұмыстан заңсыз қуылған 12 жұмысшы қазіргі таңда сот шешімі арқылы әділдікке қол жеткізді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Естеріңізге сала кетсек, ҚЫЗЫЛОРДАДА «КӘСІПОДАҚ» ҮШІН 12 ЖҰМЫСШЫ ДАЛАДА ҚАЛДЫ» атты мақала жарияланған болатын. Сол сәтте жұмыстан босатылған бір топ жұмысшы «KAZPETROL GROUP» ЖШС жұмысшылар тарапынан «Кәсіподақ ұйымын» ашпақ болғаны үшін 12 жұмысшыны өз еркінен тыс жұмыстан босатқан болатын. Осы орайда, шарасыздықтан сотқа жүгінген жұмысшылар әділдікке қол жеткізіп отыр.
Ал, сот шешімі бойынша «KAZPETROL GROUP (КАЗПЕТРОЛ ГРУП)» ЖШС жұмыстан босатылған 12 қызметшісін қайта қабылдауы мен 3 айлық өтемақысын төлеу міндеттелген. Жұмысшылардың мүддесіне көмек көрсеткен тараптарға алғысын жаудырған қызметшілердің әділдіктің орнайтындығына кәміл сенңмде болған.
Сот шешімі екі тараптың ұсынған дәйектерін таразылай келе, 12 жұмысшының кәсіподақ ұйымын ашамыз дегені үшін негізсіз жұмыстан босатылғандығын алға тартқан. Алдағы уақытта 12 жұмысшы да бірдей өздерінің жұмыс орындарына қайта орналасатын болады.

«Бізді заңсыз жұмыстан босатқан мекеме басшысы 12 жұмысшыны қайта өз қызметтеріне орналастыруы тиіс екендігі көрсетіліп, үш айлық жалақымыз қайта қалпына келтірілетін болды. Алдағы уақытта сот үкімі күшіне енетін болады. Жалпы сот процессі 3 кезеңнен тұрды. Сот шығындарының өтемін де аталмыш мекеме мойнына жүктелді.», - деді Азамат Қалжанов.
Сот шешімі екі тараптың ұсынған дәйектерін таразылай келе, 12 жұмысшының кәсіподақ ұйымын ашамыз дегені үшін негізсіз жұмыстан босатылғандығын алға тартқан. Алдағы уақытта 12 жұмысшы да бірдей өздерінің жұмыс орындарына қайта орналасатын болады.
Тағы да оқыңыздар
Кәсіптің көзін тапқан
1 547