Жамбыл жүк тасымалының бастығы 800 мың теңге пара алды деп айыпталды

291
Жамбыл облысында жүк тасымалымен айналысатын мекеменің бастығы парамен ұсталды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Бұл жайында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлімет таратты.

Оған сенсек, ведомствоның Жамбыл облысы бойынша департаменті Ұлттық қауіпсізідк комитетінің өңірлік департаментімен бірлесіп жедел іс-шара өткізген.

Оның аясында 800 мың теңге көлемінде пара алған «Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі» ЖШС «ҚТЖ - Жүк тасымалы» филиалының бастығы әшкереленген.

Аталған лауазымды тұлға қабылданған жылдық есептерді оң қарағаны және одан әрі қамқорлығы үшін ақшалай қаражат алған.

«Өзге ақпарат жариялауға жатпайды. Тергеу жалғасып жатыр» дейді агенттіктен.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.