ЗАҢСЫЗ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

1 531

Фото: Облыс әкімдігіОблыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте заңсыз жолаушылар тасымалынан туындаған мәселелер талқыланды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Аймақ басшысы бұл ең алдымен жол қозғалысы қауіпсіздігіне кері әсер ететінін қаперге салды.

«Сәуір айында сол жағалаудағы жаңа автовокзал ел игілігіне пайдалануға берілді. Бүгінгі күнге дейін ескі автовокзал, теміржол вокзалы және ескі базар аумақтарындағы заңсыз жолаушылар тасымалы тыйылмай, жаңа автовокзалдың жұмыс жасауына кедергі келтіруде. Заңсыз жолаушы тасымалдаушылардың қауіпсіздікті сақтамауы, яғни сапар алдында жүргізушілердің дәрігерлік сараптамадан, көліктердің техникалық байқаудан уақытылы өтпеуі жол-көлік оқиғаларына әкеліп соғады»,– деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Осы орайда, облыстық полиция департаментіне, көліктік бақылау инспекциясына, мемлекеттік кірістер департаментіне, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктеріне облыс аумағындағы заңсыз тасымалды жою үшін екі айлық профилактикалық рейдтік шараны күнделікті ұйымдастыру тапсырылды.

Мұнан бөлек, Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарындағы бейнебақылау камераларын пайдалана отырып, заңсыз тасымалдаушылардың жұмысын тоқтату керек. Қызылорда қаласы әкімдігіне автовокзал жанындағы жер учаскесін мақсатқа сай пайдалану жөнінде тапсырма берілді. Такси қызметі үшін арнайы жарақталған автотұрақтар белгіленуі тиіс.

Күн тәртібіндегі мәселеден тыс облыс әкімі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын жоғары деңгейде үйлестіруді ескертті. Бүгін қала аралау барысында анықталған кемшіліктер жойылып, тез арада шаралар қабылдануы тиіс. Өйткені, «Таза Қазақстан» – бірреттік науқан емес, қоршаған ортаның тұрғындарға жайлы әрі таза болуын көздейтін ауқымды бастама.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.