Білім басқармасының экс-басшысы мен мектеп директорлары жемқорлық үшін сотталды

1 730

Фото: Halyq UniАқтау қалалық сотында білім бөлімінің бұрынғы басшысы мен үш мектеп директорына және жеке кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс қаралды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Тергеу органы анықтағандай, жеке кәсіпкер лауазымды тұлғаларға бірнеше рет пара берген. Бұрынғы білім басқармасының басшысы Бағдат Тұрғанбаева және үш мектеп директоры пара алғаны үшін айыпталған.


«Соттың анықтауы бойынша, жеке кәсіпкер оқушыларды тамақпен қамтамасыз ету үшін үш мектеппен келісім-шартқа отырған. Көрсетілген қызметтерге келісім-шарттарға кедергісіз қол қою, қаражатты тез аудару және жалпы қамқорлық үшін ол бірнеше рет лауазымды адамдарға - сол кездегі білім басқармасының басшысы (Б.-ға 4 млн. теңге) және үш мектеп директоры (С.-ға 800 мың теңге, Н.-ға 2 млн теңге және Е.-ге - 1 млн теңге) жеке кәсіпкерден ақшалай қаражаттарын пара ретінде алған. Сотталушылардың кінәсі куәгерлердің жауаптарымен, сараптама қорытындыларымен, қарап-тексеру хаттамасымен және басқа да іс-құжаттарымен дәлелденді», - делінген хабарламада.


Сотталушылардың кінәсі куәгерлердің жауаптарымен, сараптама қорытындыларымен, қарап-тексеру хаттамасымен және басқа да іс-құжаттарымен дәлелденді.


Сот айыпталушылардың өз әрекетіне шын жүректен өкінгенін, жеке кәсіпкер мен мектеп директорларының бірінің кішкентай балаларының болуын есекере отырып, олардың жауапкершілігі мен жазасын жеңілдетті. Ауырлататын мән-жайлар анықталмады.


“Сот үкімімен Б. мен Н.-ға қылмыстық кодекстің 366-бабы, 2-бөлігімен 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. С. дәл осы бап бойынша 4,5 жылға сотталды. Е. қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған қылмыстық кодекстің 55-бабы 2-тармағына сәйкес 40 миллион теңге (параның 40 еселенген мөлшерінде) айыппұл салынды. Кәсіпкер қылмыстық кодекстің 367-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен 7 жылға сотталды”, – делінген хабарламада.


Сотталғандар өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.