Білім басқармасының экс-басшысы мен мектеп директорлары жемқорлық үшін сотталды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Ақтау қалалық сотында білім бөлімінің бұрынғы басшысы мен үш мектеп директорына және жеке кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс қаралды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Тергеу органы анықтағандай, жеке кәсіпкер лауазымды тұлғаларға бірнеше рет пара берген. Бұрынғы білім басқармасының басшысы Бағдат Тұрғанбаева және үш мектеп директоры пара алғаны үшін айыпталған.
Сотталушылардың кінәсі куәгерлердің жауаптарымен, сараптама қорытындыларымен, қарап-тексеру хаттамасымен және басқа да іс-құжаттарымен дәлелденді.
Сот айыпталушылардың өз әрекетіне шын жүректен өкінгенін, жеке кәсіпкер мен мектеп директорларының бірінің кішкентай балаларының болуын есекере отырып, олардың жауапкершілігі мен жазасын жеңілдетті. Ауырлататын мән-жайлар анықталмады.
Сотталғандар өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қаз
Рус






