Қазақстанда мүгедек адамдарға күтім жасайтындарға жәрдемақы енгізілді
383
Қазақстанда мүгедектік себебіне қарамастан, I топ мүгедегіне күтім жасайтын адамдарға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,4 мөлшерінде (2021 жылы – 48023 теңге) жәрдемақы енгізілді- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, заңды іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің "Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 3 маусымдағы № 445 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.I топтағы мүгедекке күтім жасайтын адамдар осы жәрдемақыны тағайындау үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелеріне өтініш бере отырып, оған мынадай құжаттарды қоса тапсырады:
- жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік, қандас куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат);
- I топтағы мүгедекке қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат (ондай дерек болған жағдайда);
- күтім жүзеге асырылатын адамның мүгедектігі туралы анықтама;
- сәйкестендіру үшін - жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжат;
- психикалық денсаулық орталығында есепте тұру дерегінің жоқтығы туралы анықтама.