Сәбиі жылағаны үшін анасы 38 жерден пышақтаған

472
Атырауда 42 жастағы әйел  4 айлық сәбиін жылағаны үшін 38 жерден пышақтап өлтірген деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жолдасының айтуынша, әйелдің бойында бала босанғаннан кейін түсініксіз жағдайлар пайда болып,келіншегінің үйінен безіп, төркінге кетуі жиіленіп кеткен. Қара нәрсе бар деп қорыққандықтан, бақсыларға көрсетіп, мал сойып, құран да оқыттық дейді. Тіпті әйелі бір рет шақалақты жастықпен тұншықтырғанын да мойындапты.

"Көршінің үйінде отырғанмын. Мен баланы тұншықтырдым деп жүгіріп келді. Екеуміз үйге жүгірдік. Бала жылап жатыр. Айналада көпшік, ештеңе жоқ. Баланы көтеріп алдым. Өзім бірге жыладым", - дейді күдіктінің жұбайы.

 Қанды оқиға болатын күні мен қалаға кетіп қалған болатынмын.Әйелінің жалғыз сәбиін әдейі өлтірмегенін, сондықтан оны кешіретінін айтты. Сотқа күдікті қатысқан жоқ. Ол сот шешімімен психикалық денсаулық орталығында мәжбүрлі ем қабылдап жатыр.
Еске сала кетсек, қанды оқиға осыдан бес ай бұрын Құрманғазы ауданындағы Көптоғай ауылында болды. 4 айлық нәрестені туған анасы асхана пышағымен бір емес, бірнеше жерден тілгілеп тастаған.