«Енді елімізде бір адам бірнеше банктен несие ала алмайды» – депутат

359
Бір адамның бірнеше банктен несие алу мүмкіндігі болмайды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Дания мәлім етті деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасы мақұлданды.


«Бүгінде несие алу саласында көптеген алаяқтық жағдайлары көп кездеседі. Әрбір қаржылық ұйым немесе екінші деңгейдегі банктер берілген несиелер туралы кредиттік бюроға жолдайды, онда берілген несиелердің базасы 15 күннің ішінде қалыптасады. Біздің түзетулерге сәйкес, несие беру ақпараттары бір күннің ішінде тіркеледі. Енді, бір-екі күннің ішінде 5-6 банкте бір мезгілде несие алуға тырысқан адамдарда мұндай мүмкіндік болмайды», – деді Д. Еспаева.

Осы орайда депутат несие алған адамның қарыз жүктемесін ескере отырып, басқа банк кредиттік бюро базасы арқылы бұл мәліметтерді көріп тұратынын айтты.

«Екінші банк қайтадан несие алуға келген адамның мүмкіндігін қарап, оның табысы несиені өтеуге жетпейтінін көріп, оның өтінішін мақұлдамайды. Сонымен қатар, бұл қадамдар интернет-алаяқтыққа да тосқауыл қояды», – деді Дания Еспаева.