"MacCoffee" көлік тұратын гаражда өндіріліп келген

1 525

Фото:©ЖИШымкентте “MacCoffee 3 in 1” еритін кофесін заңсыз өндіріп келген жасырын цехтың қызметі тоқтатылды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Әділет министрлігінің мәліметінше, кофені көлікжайда өндіріп келген. Әділет органдары мен полиция департаменті жүргізген бірлескен жедел тексеру барысында жасырын цехтың жұмысы тоқтатылған. 

“Күмәнді сападағы шикізат дайын қаптармен сатып алынып, кейін сол жерде термодәнекерлеу жабдығының көмегімен фирмалық қаптамаларға салынып, бөтен тауар белгісі жапсырылған. Алдын ала мәлімет бойынша, контрафактілі өнім Шымкенттегі шағын дүкендер мен сауда орындары арқылы сатылған”. – деп мәлімдеді ведомство.

Тексеру қорытындысында құқық бұзушыдан “MacCoffee 3 in 1” тауар белгісі бар 4 мыңнан астам қаптама, сондай-ақ өндірісте қолданылған жабдықтар, таразылар және қаптама материалдары тәркіленген. Құқық иеленушінің ресми мәлімдемесіне сәйкес, тәркіленген өнім заңсыз жасалған, сапа талаптарына сәйкес келмейді және тұтынушылардың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Заңсыз өндірушіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 158-бабы (Бөтеннің тауар белгісін заңсыз пайдалану) бойынша әкімшілік іс қозғалған. Тексеру материалдары алдағы уақытта қарау және шешім қабылдау үшін сотқа жолданған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.