Президент азық-түлік бағасын реттей алмаған министрлерді сынға алды

225
Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік бағасын реттей алмаған Бақыт Сұлтанов пен Ербол Қарашөкеевті сынға алды, - деп хабарлайды  «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

«Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялаймын. Еліміз дүкендерінде болып жатқан жағдайды қараңыздар, өте ұят», - деді Тоқаев Үкімет отырысында.

Президент атап өткендей, Үкімет бағаны тұрақтандыру бойынша дұрыс жұмыс істеп жатқан жоқ. Азық-түліктің кейбір түрі бірден 80 пайызға қымбаттағанына тағы тоқтала келе, Мемлекет басшысы тіпті, жекелеген тағам түрлерінің дүкен сөрелерінен жоғалып кеткенін сынға алды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.