Ипотека мөлшерлемесі 20 пайызға дейін төмендетіледі

1 593

Фото: Pixabay.com2024 жылғы 16 маусымнан бастап Қазақстанда ипотекалық несиенің жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейі 25%-дан 20%-ға дейін төмендетіледі,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банктің бірлескен қаулысы негіз болған.

Оған сай банктер ипотеканың жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін 20 пайыздан асырмауға тиіс. Шекті мөлшерлеме жаңа ипотекалық келісімдер мен қайта қаржыландырылған қолданыстағы шарттарға қолданылады.

Бұған дейін ипотеканың жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 25 пайызға дейін баратын. Мамандар жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесіне пайыз ғана емес, комиссия, сақтандыру және өзге де төлемдер кіретінін ескертті.

Оған сай банктер ипотеканың жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін 20 пайыздан асырмауға тиіс. Шекті мөлшерлеме жаңа ипотекалық келісімдер мен қайта қаржыландырылған қолданыстағы шарттарға қолданылады