СҚО тұрғыны өзін банк қызметкері ретінде таныстырған алаяққа 15 миллион теңге аударып жіберген

278

Солтүстік Қазақстан облысында алаяққа алданған тұрғын 15 миллион теңгесінен айырылды. Жыл басынан бері аймақта 129 алаяқтық дерегі тіркелген, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Фото: pixabay.com

Ауыл шаруашылығы кәсіпорны басшысы полицияға арызданып, алаяққа алданып қалғанын мәлімдеген. Сөзінше, белгісіз біреу қоңырау шалып, өзін банктің қауіпсіздік қызметкері екенін айтқан. Ер адамның атына ірі мөлшерде несие рәсімдегелі жатқанын айтып, қаржысын басқа шотқа аудару керегін мәлімдеген. 


Бұған сенген тұрғын депозитіндегі 15 миллион теңгесін шешіп, алаяқ көрсеткен есепшотқа аударып жіберген. Полицияға арызданған ол алаяқтың сөзіне және кәсіби терминдерді қолданғанына сеніп қалғанын жеткізген.
Қазір бұл дерек Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 4-бөлігі "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. 


"Интернет-алаяқтықты анықтау қиын, себебі алаяқтар басқа ел немесе аймақтан қоңырау шалады. Полиция қызметкерлері тұрғындармен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр", – деді СҚО полиция департаменті басшысының орынбасары Руслан Назаров. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.