Медициналық сақтандыру қорының директоры 17 жарым млн теңге жымқырған

365
Ақтауда медициналық сақтандыру қорының қалалық филиалының басшысы Руслан Бектібаев ұсталды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Ол 17 жарым миллион теңге жымқырды деген күдікке ілініп отыр. Күдіктілер арасында медициналық фирмалардың бірінің директорыда  бар. Компания қормен тегін медициналық көмек көлемі шеңберінде медициналық қызметтерді сатып алу шартын жасасқан. Денсаулық сақтау министрлігінің базасына емделу немесе дәрігердің кеңесін алған адамдар туралы жалған мәліметтер енгізілген.

Азаматтарға тегін медициналық көмек көрсетілді деп тіркелген, бірақ іс жүзінде бұл қызметтер көрсетілмеген. Бүгінгі күні күдікті адам қамауға алынды. Тергеу жалғасуда, - деді Маңғыстау облысының прокуроры Руфат Құттықов.


Руслан Бектібаев бұрын облыстық денсаулық сақтау басқармасын басқарған. Оның тергеу изоляторына қамалғанына 2 ай болды. Филиалдың бұрынғы директорының мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.