Қызылордада мектептегі оқушы соққыға жығылған оқиға жасырылып жатыр ма?

5 221

https://yandex.kz/maps/Қызылорда қаласындағы №198 мектепте орын алған оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. 10-сынып оқушысы Олег Кимді сыныптастары мектеп дәретханасында соққыға жыққаннан бері бір аптадан астам уақыт өтсе де, тергеу ісі ілгерілемей отыр, -  деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Жәбірленушінің анасы Натальяның айтуынша, полиция әзірге ұлымен сөйлесуге де асықпаған.

8 қазан күні мектептің жоғары сынып оқушылары арасында чаттағы даудың соңы төбелеске ұласқан. Натальяның сөзінше, “Күзгі бал” байқауына байланысты чатта Олег пен параллель сыныптағы қыз арасында кикілжің болған. Келесі күні Рамазан есімді оқушы ұлын “әңгімеге” шақырып, мектеп дәретханасына апарған. Бірақ ол жалғыз емес, өзімен бірге бес «қолдаушыны» ертіп келген.

Сол жерде алты оқушы 10-сынып оқушысына жабылып, ауыр жарақат салған. Ал оқиға жайлы сынып жетекшісі ата-анасына “балаңыз баспалдақтан құлап, мұрнын жарақаттап алды” деп хабарлаған.

Алайда дәрігерлердің тексеруінен кейін жағдайдың тым ауыр екені анықталған:

– жақ сүйегінің екі жерден ашық сынуы,

– мұрынның сынуы,

– ми шайқалу.

“Хирург баланың жарақаты құлаудан емес, соққыдан болғанын бірден айтты. Сол сәттен бастап ұлым шындықты айтуға мәжбүр болды,” – дейді Наталья.

Куәгерлердің айтуынша, дәретхананың есігі сыртынан жабылған, бөгде адамдардың кіруіне жол берілмеген. Кейбір оқушылар болған жағдайды видеоға түсіріп, кейін қорққанынан әлеуметтік желіден өшіріп тастаған.

Жәбірленуші тараптың айтуынша, арыз Қызылорда қалалық Полиция басқармасының электронды платформасы арқылы ғана қабылданған. Бірақ кейін арыз мәтінінен “топпен соққыға жықты”, “жақ сүйегі сынған”, “ми шайқалуы” сияқты тіркестер түсіп қалған.

“Полиция арыздағы ауыр баптарды алып тастап, оқиғаны жеңілдетіп көрсетуге тырысып жатыр. Тергеуші уәде бергенмен, бір апта өтті – хабар жоқ. Ал шабуыл жасағандардың ата-аналары бізге түрлі жолмен әсер етпек болды,” – дейді Наталья.

Қазір Олег қайтадан өмір сүруді үйреніп жатыр. Оған жақ сүйегіне ота жасалып, сүйектері арнайы темір құрылғымен бекітілген. Дәрігерлер оның сөйлеп, тамақ ішуі мен тыныс алуы қиын екенін айтады.

Қызылорда облыстық Полиция департаменті оқиға бойынша “Адамдар тобымен жасалған бұзақылық” бабымен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

“Күдіктілер – кәмелетке толмағандар ұсталып, полицияға жеткізілді. Тергеу барысы департамент басшылығының ерекше бақылауында. Сонымен қатар, кінәлі жасөспірімдердің ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін,” – делінген ресми хабарламада.

 https://www.instagram.com/reel/DP6QQe5DEE-/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=enN3ejR1aHFoc3R2: 

Алайда қоғамда “оқиға неге әлі әділ тергелмей отыр?”, “неге полиция арыз мәтінін өзгерткен?” деген сұрақтар көбейіп келеді. Бұл жағдай мектептегі буллинг пен құқық қорғау органдарының әрекетсіздігіне қатысты кең ауқымды қоғамдық талқылауға себеп болды.

<blockquote class="instagram-media" data-instgrm-captioned data-instgrm-permalink="https://www.instagram.com/reel/DP6PqrkjFpA/?utm_source=ig_embed&amp;utm_campaign=loading" data-instgrm-version="14" style=" background:#FFF; border:0; border-radius:3px; box-shadow:0 0 1px 0 rgba(0,0,0,0.5),0 1px 10px 0 rgba(0,0,0,0.15); margin: 1px; max-width:540px; min-width:326px; padding:0; width:99.375%; width:-webkit-calc(100% - 2px); width:calc(100% - 2px);">