Бұдан былай жұмысқа орналасу үшін диплом көрсетудің қажеті жоқ

780

Елімізде қызметкерлердің білімі мен дағдыларын растау үшін тәуелсіз сертификаттау жүйесі енгізілмек, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ол 4 шілдеде президент "Кәсіптік біліктілік туралы" заңға қол қойғанын еске салды. Айтуынша, заңның негізгі мақсаты – азаматтардың білімін, іскерлігі мен дағдыларын бағалаудың тәуелсіз және объективті жүйесін құру.


Ал маңызды жаңалықтардың бірі – ерікті тәуелсіз сертификаттауды енгізу.


"Еңбек нарығындағы мықты бәсекелестік жағдайында біздің кез келгеніміз жаңа дағдыларды үйреніп, басқа мамандықтарды да меңгеріп отырумыз қажет. Өйткені көптеген мамандық бойынша дағдылардың өзектілігі тек 2 жыл бойы сақталады. Сондықтан енгізіліп жатқан жүйе жаңа жұмысқа орналасу және іздестіру кезінде "катализаторға" айналады және бірінші кезекте түлектерге көмектеседі", – деді Ордабаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.


Вице-министрдің айтуынша, тәуелсіз сертификаттау азаматтарға өз құзыреттерін нақты бағалауға, өз білімі мен дағдыларын растауға мүмкіндік береді.


"Жеке жұмыс берушілерге қызметкерлердің білімін растайтын құжат әлі де қажет. Бұл жағдайда сертификат жұмысқа қабылдау кезіне кейбір мамандықтар бойынша негізге құжатқа айналады. Жұмыс беруші үшін сертификаттау өте тиімді, өйткені жұмысқа тек қана тексерілген азаматтарды алуға мүмкіндік береді", - деп түсіндірді ол.


Ордабаев қазіргі таңда ұзақ уақыт оқытуды және дипломды қажет етпейтін мамандықтар пайда болып жатқанын атап өтті.


"Жастар еңбек нарығына ыңғайлы жолмен әрі тез шығуға мүмкіндік алу үшін осы заң баламалы білімді тануды көздейді. Яғни азаматтар өз бетінше үйреніп, дағдысын жетілдіреді. Адамның өз бетінше алған білімі мен дағдысы сертификаттау орталықтарында расталады", - деді вице-министр.


Жұмыс іздеп жүрген қазақстандық өз біліктілігін растау үшін сертификаттау орталығына жүгінеді. Бағалау процедурасы теориялық және практикалық емтихандар түрінде жүзеге асырылады. Тәуелсіз бағалаудан сәтті өткен адамдарға сертификат беріледі.


"Бұл ретте сертификаттар еңбек нарығында басқа құжаттармен қатар танылатын болады", - деп түсіндірді Ордабаев.


Ал жұмыссыздар сертифиттаудан тегін өтеді, оларға мемлекет атаулы ваучер береді. Ол үшін мансап орталықтарына жүгіну қажет.