Баланың көзінше өлтірген: Қылмысқа қатысы бар қазақстандық көрші елде ұсталды

271

Көкшетауда баланың көзінше екі адамды өлтірген ер адам көрші мемлекетте тұтқындалды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап. 


Полиция дерегіне сәйкес, қылмыс күні мас күйде болған ер адам екі әйел мен бала бар үйге келген. Ол қорғансыз әйелдерге түрлі дене жарақаттары мен пышақ жарақаттарын салып, үйдің кіреберісінде және пәтерде қатыгездікпен өлтірген. 

"Құрбандары 37 және 68 жаста болған. Сонымен қатар қайтыс болған әйелдің  қызы сұм қылмыстың куәгері болды. Қанды қылмыстан кейін қаскүнем жасырынып қалғандықтан, қылмыстың жасалу ретін қалпына келтіруге, дәлелдер базасын толық жинауға, куәгерлер мен дәлелдемелерді іздеуге уақыт кетті. Кейінірек оның адам өлтіруге қатысы бар екендігі дәлелденді", – делінген хабарламада

Құқық қорғау органының қызметкерлері қылмыскердің көрші мемлекет аумағында екенін анықтаған. 

"Қылмыскер халықаралық іздеуге жарияланды. Біраз уақыттан кейін полиция оны көрші мемлекеттің аумағында анықтады. Онда ол басқа біреудің атымен жасырынып жүріп отбасын құрған. Садистті қазақстандық сотқа беру үшін көкшетаулық тергеушілер прокуратура алдында оны экстрадициялау туралы қолдаухатпен шықты", – деді полицейлер