Кәмелетке толмаған мектеп оқушысы жүкті болып қалған
Ақтөбе облысында жоғарғы сынып оқушысы жүкті болып қалды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sputnik ақпараттық сайтынан сілтеме жасап. Білім басқармасы оқушы түнгі рейдтер кезінде бірнеше рет ұсталғанын хабарлаған.
Оқушыменк жее жұмыс жоспары жасалған, бақылау орнатылған. Соның нәтижесінде жүкті екені анықталған. Бала құқықтарын қорғау басқармасы Өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкілмен бірге бұл жағдайды бақылауда ұстап отыр.
"Кәмелетке толмаған жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түсу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта заңнамада көзделген барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізілуде. Жәбірленушінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - дейді Ақтөбе облыстық полиция департаменті.
Қылмыстық істің тергелу барысын облыстық полиция департаментінің басшысы өзі бақылауына алған.







