Экс-министр Құлекеев Тоқаевқа Елбасы мәртебесін беруді ұсынды
528
Қазақстанның бұрынғы экономика, білім және ғылым министрі болған, «ҚТЖ», «ҚазМұнайГаз» сияқты ірі ұлттық компанияларда басшылық қызмет атқарған Жақсыбек Құлекеев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Елбасы» мәртебесін беруді ұсынды.
Бұл туралы Құлекеев Nege.kz сайтына берген сұхбатында айтты.
Жақсылық Құлекеев 5 маусымда болатын референдумды мемлекеттің ең маңызды мәселелерін халық болып шешудің басты тетігінің бірі деп есептейді.
Сонымен қатар, ол өзін Назарбаевқа «Елбасы» титулын берді деген сыбыс туралы сөз қозғады.
Құлекеев түрмеден шыққаннан кейінгі қоғамдық өмірі туралы да айтты.
Экс-министрдың айтуынша, Тоқаев президент болмай тұрып та, қазір де оны «Жәке» деп атайды.
Бұл туралы Құлекеев Nege.kz сайтына берген сұхбатында айтты.
Жақсылық Құлекеев 5 маусымда болатын референдумды мемлекеттің ең маңызды мәселелерін халық болып шешудің басты тетігінің бірі деп есептейді.
– Референдум – мемлекеттің ең маңызды мәселелерін халық болып шешудің басты тетігінің бірі. Сол арқылы әрбір әрекетімізді, атқарар ісімізді, еңсерер меже-міндеттерімізді өзара ақылдаса отырып, жүйелі жүргізе аламыз.
Елбасы кезеңінде референдум болған жоқ. Соның салдарынан халық пен билік арасында, кедей мен бай арасында алшақтық болды. Заң алдында барлығының беделі бір екендігін ұмытып кеттік. Менің ойымша, кез келген заңды референдум арқылы шешу керек. Сонда Елбасы тұсындағыдай саяси қателіктер болмайды, – деді экс-министр.
Сонымен қатар, ол өзін Назарбаевқа «Елбасы» титулын берді деген сыбыс туралы сөз қозғады.
– Ол титулды берген адам қазір жоғары қызметте отыр. Менің оған еш қатысым жоқ. Құлаққа сіңімді болып кеткен соң солай атаймын. «Елбасы» сөзін Назарбаевқа ғана қолдану қателік. Бұл – президент деген сөздің қазақша баламасы. Түріктерде «Ülkenin başı» деген сөз бар, барлық президентке сол сөзді қолданады. Сондықтан «Елбасы» деп Тоқаевты да айту керек. Қазақтың төл сөзі болғандықтан, келешек президенттерімізді де солай атаған дұрыс, – деді Құлекеев.
Құлекеев түрмеден шыққаннан кейінгі қоғамдық өмірі туралы да айтты.
– Негізі саясаттан кеткенннен кейін, қайта келу қиынға соғады. Мен қазір саясаткер емеспін. «ҚазМұнайГазда» кеңесшімін және ғылыми бөлімшенің қатардағы қызметкерімін. Менің саяси аренаға қайтып бару жоспарымда жоқ. Себебі өздеріңіз білетіндей, менің ісім біреулерге жақпай қалып сотталып шықтым. Мен сотта жеңіп тұрсам да, қосымша айып тағып, мені түрмеге тықты. Сондай қиындықтарды көргеннен кейін саясатқа қайтып барғың да келмей қалады. Серік Ахметовтың саясатқа келгісі келмейтіндігі де содан шығар.
Түрмеде отырғанда «Мен кімге, не істедім?» деп жиі ойланатынмын. Әрине, олардың кімдер екенін білемін. Кейбірі биліктен ығысып кетіп жатыр. Көбінің қазір дәурені аяқталған. Мен 2021 жылдың желтоқсанында толық ақталдым. Елдегі саяси билік өзгергеннен кейін арыз жаздым, мені сот ақтады. Ешкімнен кек алуды көздемеймін. Барлығын уақыт өзі реттейді ғой, – деді бұрынғы министр.
Экс-министрдың айтуынша, Тоқаев президент болмай тұрып та, қазір де оны «Жәке» деп атайды.
– Мені президент қазір де «Жәке» деп атайды. Мен ол кісінің қарамағында 1999 жылдан бастап жұмыс істедім. Сондықтан солай атайтын шығар. Мені көбі ол кісінің досы деп ойлайды. Бірақ анау айтқандай ол кісімен достық қатынаста емеспіз. Иә, мен түрмеден шыққаннан кейін Қасым-Жомарт Кемелұлы үйіне дәмге шақырған. Екеуіміз сол кезде ұзақ сөйлестік. Қазір олай араласпаймыз. Ол кісі қазір үлкен қызметтегі адам. Ара-тұра жолығысып қаламыз, ол кісі менен үнемі қандай кітап жазып жатқанымды сұрайды.
Менің президент қабылдауында болуым сіздің сұрағыңызға тұздық болып отырған шығар. Бірақ ол кісі бір мені ғана емес, әртүрлі сала өкілдерін өзіне шақырып сөйлескен. Менің білуімше, ол кісіні қарапайым халықтың мәселесі қатты алаңдатады. Сондықтан біз сияқты халықтың арасында жүрген азаматтарды өзінің қабылдауына шақырады, – деп түйіндеді бұрынғы шенеунік.