50 жылқы мұзға батып өлді
284
Жылқылардың Әлжан ауылының тұрғындарына тиесілі екені анықталды. Жануарлар 27 қара күні еркін жайылымнан жоғалып кеткен, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Іздеу шаралары барысында жоғалған жылқылар мұздың ішінде қатқан күйінде Барчи көлінен табылды. Алдын ала болжам бойынша, жылқылар бақташы болмаған кезде көлдегі мұз үстімен жүрген. Салдарынан мұз жарылып, суға батып кеткен,— делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта полицейлер болған оқиғаның барлық мән-жайын тексеріп, өлген жануарлардың нақты саны анықталып жатыр.