Қызылордада теміржол қызметкерлерін "Respublica" партия өкілдерімен кездесуге рұқсат бермеген

707
Жаңадан құрылған "Respublica" саяси партиясының өкілдерін Қызылордада "Қазақстан Темір Жол" филиалы жұмысшыларымен кездесуіне рұқсат етілмеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат  агенттігі.
 

"Республика" саяси партиясының негізі «Қайта бастау» деп аталатын бағдарламасы мемлекеттің барлық саласын және қазақстандықтардың өмірін қайта бастауға бағытталған.  Осы орайда Қызылорда қаласына темір жол жұмысшыларымен кездесуге келген партия көшбасшыларына кездесуге тыйым салынған. 

Бұл туралы партия өкілдерінің бірі әлеуметтік желіге бейнежазбасын жүктеді. 



Партия көшбасшыларының айтуынша, 

"Бюрократизм әлі бар". "Біздің ReBus Қызылорда қаласында. Партия жетекшілері мен кандидаттар ҚТЖ қызметкерлерімен алдын ала келісілген кездесуге келді. Бірақ, соңғы сәтте компания кездесудің болмайтынын айтты. Бюрократия барлық жерде қанат жайып үлгерген. Бірақ біз турымызды әрі қарай жалғастырамыз. Партиялықтармен кездесуге ниеттенген ҚТЖ қызметкерлері түстен кейін  қала халқымен өтетін үлкен кездесуге келе алады."- деп жазды Партия өкілдері. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.